Екінші лигада өнер көрсететін клуб қаржылық мәселелерге тап болды

02.05.2021, 18:21
Футболшылар әлі күнге дейін жалақы алмаған екен.
Екінші лигада өнер көрсететін клуб қаржылық мәселелерге тап болды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Екінші лиганың жаңа өкілі "Яссы-Түркістан" клубына әлі қаржы бөлінген жоқ.

"Яссы-Түркістан" чемпионатқа алғаш рет қатысуда, бірақ клубта үлкен мәселелер бар. Мұнда жаттықтырушының көмекшілері де, клуб дәрігері де, әкімші де жоқ.

Түркістандық команда Алматыға "Рузаевкаға" қарсы кубоктік ойынға автобуспен таңғы бесте келген. Футболшылар мен бас бапкер сағат 11-ге дейін қонақ үйге орналаса алмаған.

Түркістандағы клубтың жағдайына келетін болсақ, команда жатақханада орналасқан, жуынатын жер жоқ, дәретхана көшеде орналасқан, кір жууға мүмкіндік жоқ.

Шет жақтан келген футболшылар кір жуу және жуыну үшін жергілікті ойыншылардың үйіне барады деген ақпарат бар. О.Жарылқапов атындағы стадион аттестаттаудан әрең өтті.

Футболшылардың директормен және бас жаттықтырушымен болған кездесуінде олар мәслихат қаржы бөлу мәселесін тек 10 маусымда қарастыратынын айтты. Әзірге ойыншылар жалақы алған жоқ. Сондай-ақ, команда басшысы жаңа демеушілер іздейтінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×