«Ювентус» чемпион болу мүмкіндігінен айырылды

02.05.2021, 17:16
Тоғыз маусымға созылған серияны «Ювентустың» бұрынғы бас бапкері Антонио Конте тоқтатты.
«Ювентус» чемпион болу мүмкіндігінен айырылды

А сериясының 34-туры қарсаңында "Интер" "Кротонені" жеңді. Кездесу Кротоне қаласындағы "Эцио Скида" стадионында өтті. Төрешінің соңғы ысқырығынан кейін миландық клуб 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, "Ювентус" чемпиондыққа деген математикалық мүмкіндіктен айырылды.

"Ювентус" 2011/2012 жылғы маусымнан бастап үнемі Италия чемпионы атанып келді. Егер "Аталанта" бүгін, 2 мамырда "Сассуолоны" жеңе алмаса, "Интер" мерзімінен бұрын чемпион атанады.

Антонио Конте жаттықтыратын команда 34 матчта 82 ұпай жинап, А сериясының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр. "Ювентус" 66 ұпаймен кестенің бесінші сатысына жайғасқан. Туриндік клубтың қоржынында артық бір матч бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×