ЕЛ БІРІНШІЛІГІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

29.10.2012, 00:34
 ЕЛ БІРІНШІЛІГІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
   Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-Лигасы өз аяғына жетті. Соңғы ХХVI турда көптеген қызықты да маңызды нәтижелер тіркелді.    «Ақжайық»-«Оқжетпес» 2:1    Голдар: Черны 7 (1:0), Брезински 49 (2:0), Чагелишвили 88 (2:1) Бұл қос команда да бұл ойында ешқандай мақсатпен шықпады. Турнир кестесінің ортасынан ойып тұрып орын еншілеп алған «Ақжайыққа» бүгінгі мачтағы жеңіс те, жеңіліс те еш нәтиже бермес еді. Сол секілді, биыл Премьер-Лигадан кететіні белгілі болып тұрған «Оқжетпеске» бұл ойында алаң иелерін ойсырата ұтса да, көмектеспейтін. Сондықтан қос команда да өз жанкүйерлері үшін ойнап, ел біріншілігін жеңіспен аяқтағысы келгені белгілі. Батысқазақстандықтар өз алаңында біріншілік аутсайдерін оңай жеңді. «Ордабасы»-«Атырау» 1:1    Голдар: Тәжімбетов 16 (1:0), Сигурдссон 79 (1:1) Шымкенттіктер ұзаққа барады деген үміттенген өз жанкүйерлері мен футбол эксперттерінің сөзін біріншіліктің екінші айналымында «жоққа шығарған» «Ордабасы» мен «Атырауға» да бұл ойын ештеңе бермейтін-ді. Сондықтан да қос ұжым ойынды татулықпен аяқтады. Тәжімбетов пен Сигурдссонның соққан голдары бұл ойынның көркі болды. «Жетісу»-«Сұңқар» 1:1    Голдар: Тлешев пенальтиден 58 (1:0), Недашковский 81 (1:1) Алматы облысының дербиі бүгінгі ойында ерекше маңызға ие еді. «Оқжетпеспен» бірге төменгі лигаға ауысатын екінші команда осы кездесуде анықталатын. Алғашқы таймда тіркелген тең есептен кейін, қос клуб та екінші таймда гол соғу үшін жанын салды. Алғашқыда Тлешев пенальтиден көзге түссе, ойын аяқталар тұста Недашковский қонақтардың үмітін жандыра түсті. Алайда ойын осы есеппен аяқталды. Демек тең есептің өзі жеткілікті боп саналатын «Жетісуға» Премьер-Лигада қалатын мүмкіндік туындады. Ал «Сұңқар» келесі жылы Бірінші Лигада бақ сынап, өз күшін тағы да сынап көреді. «Қайрат» — «Тобыл» (1:0)     Голдар: Вяткин 20 (1:0) Үздік үштіктен орын алып, Еуропа Лигасында ойнауға мүмкіндігі бар «Тобылға» бұл ойында алматылықтарды жеңуімен қатар, өзге де басты қарсыластарының ұпай жоғалтуы тиіс болатын. Алайда бұл мүмкіндікті қостанайлықтардың өздері құртты. Ештеңеден үмітсіз «Қайратқа» қонаққа барған «Тобыл» қарсыластарына жол берді. 20-минутта Вяткиннің соққан жалғыз голы Серер шәкірттеріне біріншілікті жеңіспен аяқтауға мүмкіндік берді . «Тараз» — «Астана» 1:1 (0:1)      Голдар: Остапенко 14 (0:1), Диакате 85 (1:1) Жүлделі орындарға дәмелі бұл қос клуб та жанын салып ойнады. Ойынның басында Остапенко таблодағы есепті ашып, елордалықтарды алға шығарған болатын. Тең ойынға да қанағаттанатын «Тараз» «Астана» қақпасын торуылдаумен болды. Төртінші орынға таласқан екі команда да жеңіске жетудің орайын іздеді. Ойын аяқталар тұста тараздық Диакате бұрыштама добынан кейін есепті теңестірді. Бас қазының соңғы ысқырығы естілгенше қос команда да есептегі басымдықты өздеріне ала алмады. Жеңген – достық. «Тараз» төртінші орында... «Ақтөбе» — «Қайсар» 2:0 (1:0) Голдар: Гейнрих 48 (1:0), Кенжесариев 78 (2:0) Бұл кездесуде алаң иелерінің қола медальды мойындарына тағады дегенге бәрі сенімді еді. «Ақтөбе» сенімді ақтады да. Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда «Ақтөбе» жанкүйерлері өз сүйікті командасын тік тұрып қолдады. Бірінші таймда есеп ашылмаса да, екінші қырық бес минуттықта «Ақтөбе» қарсыластарына бас көтертпеді. Алдымен Гейнрих есепте «Ақтөбені» алға шығара, Кенжесариев қызылордалықтарты ойынды тағы бір мәрте ортадан бастауға мәжбүр етті. Осылайша «Ақтөбе» келесі жылы Европа Лигасында Қазақсанның намысын қорғайды. «Шахтер» — «Иртыш» 0:1 (0:1) Голдар: Бақаев 7 (0:1) Алдын ала чемпион атанған «кеншілер» бұл ойында жартылай негізгі құрамын шығарды. Бақаевтың ойын басында соққан голы «Ертіскке» жеңіспен қатар, ел біріншілігінің күміс медалін алып келді. Сонымен «Ертіс» келесі жылы «Ақтөбемен» бірігіп Европа Лигасында бақ сынайтын болса, «Шахтер» Чемпиондар Лигасында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

                                                                                    Есет ТӨЛЕШ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Соңғы тур сараптамасы
Келесі жаңалық
Барса - Реал
Серіктес жаңалықтары
×