«Тараз» клубының қорғаушысы Елдос Ахметов клубтың баспасөз қызметіне «Тұранмен» өткен ойын туралы пікір білдірді:
- Елдос, жеңіс құтты болсын! Ойынды қалай бағалайсың?
- Жеңіл матч болған жоқ. Дегенмен қажетті нәтижеге қол жеткіздік. Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашатын мүмкіндіктеріміз болды. Алайда оларды пайдаға жарата алмадық. Қалай десек те жеңіс біздің қоржында.
- Жалпы «Тараздың» ойын мәнері туралы не айтасың?
- Қазір команданың рухы мықты. Бапкерлер мен ойыншылар бір-бірін жақсы түсінеді. Жаттығуда да, ойын кезінде де соңына дейін бар күшін салады. Бұл өте маңызды. Тағы назар аударатын жағдай, біз әрі ойында алаңға шын мәнінде жеңіске жету үшін шығамыз.
- Ойынның аяқталуына 15 минут қалғанда тең нәтижеге мойынсұндың ба әлде жеңіске деген сенім болды ма?
- Мойынсұнғымыз келмеді. Бізде турнир кестесіндегі көшбасшылармен теңесетін тамаша мүмкіндік барын сезіндік. Оны жіберіп алмауды ойладық. Гол соқпастан бұрын ойында аздаған үзіліс болды, сол кезде бір-бірімізді «жігіттер, гол соғайық» деп желпіндірдік.
«ТАРАЗ» КФК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Біздің серіктес: FONBET