Эльхан Астанов: «Шотландияны жеңіп, елге үш ұпаймен оралғымыз келеді»

08.11.2021, 16:41
Бұл кездесу 13 қарашада сырт алаңда өтеді.
Эльхан Астанов: «Шотландияны жеңіп, елге үш ұпаймен оралғымыз келеді»

Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Шотландиямен болатын матч жайлы пікір білдірді:

- Шотландиямен болатын матчқа дайындық күн сайын жүріп жатыр. Біз өте қатты дайындалып жатырмыз. Біз оларды жеңіп, елге үш ұпаймен оралғымыз келеді. Басқа командалармен лайықты түрде ойнағанымызмен, нәтиже болмады. Біз өзімізді қалыпқа келтіріп, алғашқы үш ұпай үшін жеңгіміз келеді.

Менің ойымша, Шотландия жақсы команда. Ол Бельгия және Түркиямен тең дәрежеде ойнады, бірақ оларда да біздегідей нәтиже жоқ. Жақсы текетірес болады деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×