«Елімай» бас бапкерімен қош айтысуы мүмкін. Карповичтің орнына басты кандидат та дайын екен

15.05.2025, 14:57

«Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович жақын арада қызметінен кетуі ықтимал. Семейлік ұжым алдағы 9-тур аясында болатын «Қайратқа» қарсы ойында жеңілсе, бапкерлік құрам толық ауыспақ.

«Елімай» бас бапкерімен қош айтысуы мүмкін. Карповичтің орнына басты кандидат та дайын екен
Андрей Карпович

Ал Андрей Карповичтің орнына басты үміткер жуырда «Ертістен» кеткен Қайрат Нұрдаулетов болып отыр. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы мәлімдеді.

«Семейлік клубқа жақын дереккөздің ақпаратына сай, Абай облысының әкімі Берік Уәли команданың соңғы нәтижелеріне риза емес. Сондай-ақ, клуб басшылығы кей ойыншылардың жанын салмай өнер көрсететініне де алаңдаулы. Алда ҚПЛ-дің аясындағы «Қайратқа» қарсы кездесуде Карповичтің тағдыры шешілуі мүмкін», - делінген портал материалында.       

Айта кетейік, «Елімай» соңғы үш ойында жеңіліс тапты – премьер-лигада «Оқжетпестен» 0:2, «Ақтөбеден» 0:1 және кеше Қазақстан Кубогінің ширек финалында «Қызыл-Жардан» ұтылды. ҚПЛ-де семейлік клуб 8 турдан кейін 13 ұпаймен жетінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×