
Уругвайдың бұрынғы президенті, әлемдегі ең кедей басшы ретінде танылған Хосе Мухика 13 мамырда 89 жасында өмірден озды. Ол Монте-Видео қаласының шетінде орналасқан қарапайым фермасында, ұзақ уақыт бойы күрескен өңеш қатерлі ісігі мен басқа да созылмалы аурулардың салдарынан қайтыс болды.
Мухика 2010-2015 жылдары Уругвай президенті қызметін атқарып, елде әлеуметтік прогрессивті реформалармен қабылдады. Оның басшылығымен Уругвайда түсік жасау, бір жынысты некелер және марихуананы заңдастыру сияқты маңызды заңдар қабылданды. Ол өзінің қарапайым өмір салтымен танымал болды. Президенттік сарайдан бас тартып, фермасында тұрып, жалақысының 90%-ын қайырымдылыққа аударып отырды .
Мухика 1960-70 жылдары Тупамарос атты партизан қозғалысының мүшесі болып, 14 жылға жуық түрмеде, оның ішінде ұзақ уақыт жалғыз камерада отырды. 1985 жылы рақымшылықпен босатылып, кейіннен солшыл Broad Front одағының белсенді мүшесіне айналды.
Оның қарапайымдылығы мен халыққа жақындығы оны Латын Америкасында ғана емес, бүкіл әлемде сүйікті тұлғаға айналдырды. 2014 жылы ол ФИФА-ның Луис Суареске берген төрт айлық шеттету жазасын "фашистік” деп атап, ФИФА-ны "кәрі сұмырайлар” деп сынға алды.
Мухиканың өліміне байланысты Уругвай үкіметі үш күндік ұлттық аза тұту жариялады. 14 мамырда Монте-Видеода мыңдаған адам оның табытын соңғы сапарға шығарып салды.
Біздің серіктес: FONBET