
Семейлік «Елімай» футбол клубы алдағы уақытта құрамына күрделі өзгерістер жасамақ.
Қаржыландыру мәселелері мен мемлекеттік бюджет есебінен легионерлерді қаржыландыруға тыйым салатын жаңа заңның күшіне енуіне байланысты Абай облысының клубы құрамын айтарлықтай қысқартпақ ниетте.
Өткен аптада-ақ «Елімай» клубы Эдуард Флореску мен Фейсал Муличтің командадан кеткенін ресми түрде жариялаған болатын. Ал қазіргі таңда клубтан кетуі мүмкін футболшылардың қатарында Максим Коваль, Неманья Чаласан, Самуэль Одеоибо, Кевин Ролон, Никита Корзун, Давид Майком, Евгений Березкин, Роман Тугарев және Фессу Плака бар.
Клубқа жақын дереккөздердің мәліметінше, кейбір шетелдік ойыншылардың қызметтері Қазақстан Премьер-лигасының өзге клубтарына ұсынылған.
Біздің серіктес: FONBET