Өзбекстан феномені: соңғы 5 жылда 14 академия салынған

12.06.2025, 12:50

Танымал өзбекстандық төреші және функционер Равшан Ирматов Өзбекстан футболының дамуына түрткі болған жобалар жайлы айтты.

Өзбекстан феномені: соңғы 5 жылда 14 академия салынған
Өзбекстан құрамасының футболшылары

«Инфрақұрылымның шынымен тозығы жеткен болатын. Соның барлығын талдап президенттің алдына барғанымызда ол бізді толықтай қолдады. Сөйтіп, футбол инфрақұрылымын, ең алдымен балалар мен жасөспірімдер инфрақұрылымы жаңартылды. Соңғы 4-5 жылда аймақтық 14 футбол академиясы салынды. Оның барлығы қазір жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, спорттық мектептермен бірге жұмыс істейтін 14 футбол мектебі бар. Оларда футбол үйірмелері жұмыс істейді. Ондағы жұмыстар жүйеленіп жатыр. Сондай футбол үйірмелері бар 209 спорт мектептерінде түрлі турнирлер өткізіледі, селекциялық жұмыстар ұйымдастырылады. Елдің алыс аудан-ауылдарынан талантты балаларды тауып спорт мектептеріне әкелеміз, одан аймақтық академияға, ал одан ары республикалық академияға тартамыз. Міне осындай жүйе», - деді Р. Ирматов.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы тарихында тұңғыш рет Әлем біріншілігіне шықты. ӘЧ-2026-ға іріктеуде Тимур Кападзенің командасы өзінің тобында Ираннан кейін екінші орын алып, мундиальға тікелей жолдама еншілеген болатын. Бұдан бөлек, өзбекстанның жастар құрамасы Азия кубогінде топ жарды.        

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×