
«Динамо» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің трансферіне байланысты «Бешикташпен» ешқандай келіссөздер жүргізбеген.
Бұл туралы «Sport-Express» мәлімдеді. Қазірге дейін тараптар арасында ешқандай келісім жоқ. Айта кетейік, «Şafak Malatya» басылымы 27 жасар футболшының трансфері бойынша келіссөздер өзінің соңғы кезеңіне жетті деп мәлімдеген болатын. Алайда, соңғы ақпараттарға сай, Зайнутдиновтың мансабына байланысты шешім қабылданбаған көрінеді.
Бахтиер Зайнутдинов стамбулдық клуб жейдесінде 2023-жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Түркия Суперлигасының өткен маусымында барлық турнирдегі 12 кездесуде 1 голдық пастың авторы болды. Футболшы мен «Бешикташтың» келісімшарты 2027-жылдың жазына дейін жарамды. Нарықтық бағасы 3,3 миллион еуро.
Біздің серіктес: FONBET