
Football Meets Data әлеуметтік желі парақшасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі J тобына қатысушы командалардың мүмкіндіктерін сараптады.
Ақпарат көзі қолданған арнайы симулятордың нәтижесіне сәйкес, Бельгия құрамасы топтың басты фавориті болып танылды. Бельгиялықтардың бірінші орынды иеленуіне 80% берген. Екінші орында Уэльс. Оның алғашқы орынға шығу ықтималдығы 14%. Ал Солтүстік Македонияның бұл бағыттағы мүмкіндігі 7% шамасында.
Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасының топ көшін бастау ықтималдығы бар болғаны 0,1% ғана деп бағаланып отыр.
Біздің серіктес: FONBET