
Қазақстан ұлттық футбол құрамасы Беларусь пен Солтүстік Македония командаларынан жеңілгеннен кейін ФИФА рейтингінде бір сатыға төмен сырғыды.
Football-ranking.com сайтының мәліметінше, Қазақстан құрамасы 113-орыннан 114-орынға түсіп, қазіргі уақытта Вьетнам (113-орын) мен Мадагаскар (115-орын) құрамаларының арасында орналасқан.
Рейтинг көшін Аргентина, Испания және Франция құрамалары бастап тұр. ФИФА ұйымы рейтингтің ресми нұсқасын 10 шілде күні жариялайды.
Еске салайық, маусым айында бас бапкер Әли Әлиевтің шәкірттері екі матчта жеңіліске ұшырады. Алдымен жолдастық кездесуде Беларусьтен 1:4 есебімен ұтылса, кейіннен 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясындағы ойында Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен жеңілді.
Біздің серіктес: FONBET