Скалони Мессиді Колумбияға қарсы ойында ауыстырғаны туралы мәлімдеме жасады

11.06.2025, 21:00

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің 16-турындағы Аргентина – Колумбия (1:1) кездесуінде Лионель Мессиді 78-минутта ауыстыру шешімін түсіндірді.

Скалони Мессиді Колумбияға қарсы ойында ауыстырғаны туралы мәлімдеме жасады

TyC Sports мәліметінше, Скалони былай деді:

"Бастапқыда ол (Месси) алаңнан кетуді ойламады. Бірақ біз ауыстыру жасап жатқанымызды көрген кезде, өзі келіп: “Мен алаңды босатқым келеді” деді. Егер ол маған солай демегенде, мен оны ауыстырмас едім."

Кездесудің есебін 24-минутта Колумбия шабуылшысы Луис Диас ашты. Ал 81-минутта Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Тьяго Альмада таразы басын теңестірді.

Айта кетейік, Аргентина 71-минуттан бастап Энцо Фернандес алаңнан қуылған соң бір ойыншы кем құраммен ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×