
«Елімай» қатарынан 4 жеңіс сериясында келеді!
Сол ойынның барлығында өз қақпасына бірде-бір гол жібермеген - 10:0. Андрей Карпович командасы осы сериясының арқасында үздік төрттіктің қатарына ілінді. Тағы бір позитиві - семейлік футболшылар алты турдан кейін өзінің «Спартагына» оралды. Андрей Карповичтің шәкірттеріне өз үйі, жанкүйерлерінің қолдауы қосымша қанат бітіруі тиіс.
Андрей Ферапонтов жаттықтыратын премьер-лиганың дебютанты үшін де маусым жалпы жаман емес. «Оқжетпес» алты турдан кейін 8 ұпай еншілеп 9-сатыға жайғасқан. Көкшетаулықтар қатарында өзінің ойынымен ерекше көзге түскен жергілікті футболшылар бар. Бұл ретте Дәурен Жұматты айтуға болады (ҚПЛ-де 6 матчта 3 гол). 26-жастағы жартылай қорғаушы «Оқжетпестегі» өнерімен ұлттық команда бас бапкері Әли Әлиевтің де назарына ілінді.
Сондай-ақ, көкшетаулықтар қатарында Тимур Досмағамбетовтың өнерін атап өтуге болады. Қазақстан құрамасы сапында доп тепкен жартылай қорғаушының «Оқжетпесте» екінші тынысы ашылғандай әсер қалдырады.
«Оқжетпес» өткен турда «Жеңіспен» ұпай бөліссе 1:1, оның алдында сырт алаңда «Ұлытауды» ұтқан 1:0.
Біздің болжам - ойынның жалпы тоталы 2.5-тен кем болады. Fonbet.kz-те бұл нұсқаға 1.88 коэффициентімен бәс тігуге мүмкіндік бар.
Біздің серіктес: FONBET