
Бундеслиганың 33-турында “Бавария” сырт алаңда “РБ Лейпцигпен” 3:3 есебімен тең ойнады. Осылайша олар чемпиондықты екі тур бұрын қамтамасыз ету мүмкіндігін жіберіп алды.
Алайда бұл матчтың басты кейіпкері алаңдағы ойыншылардың бірі емес, сары қағаздардың көптігіне байланысты ойыннан шет қалған “Баварияның” жұлдызды шабуылшысы — Харри Кейнболды. Кейн кәсіби мансабында әлі күнге дейін бірді-бір трофей жеңіп көрмеген. Егер осы матчта “Бавария” жеңіске жеткенде, бұл қарғыс ақырына жетер еді.
Бірақ ойын басталғанына небәрі 11 минут өткенде, “Бавария” 0:1 есебімен ұтылып бастады. Камералар бірден трибунадағы Кейнге бұрылды. Ол ерекше уайымдаған, түрі қатулы күйде болды.
40-минутта “Лейпциг” екінші голды соқты — есеп 0:2. Бұл сәтте камералар қайтадан Кейнге назар аударды. Бұл жолы оның түрінде үмітсіздік пен торығу анық байқалды.
Екінші таймда жағдай күрт өзгерді. “Бавария” бір минут ішінде екі гол соғып, есепті теңестіріп, кейінірек Лерой Саненің голымен алға шықты. Сол сәтте Кейннің жүзіне шаттық ұялады. Ол өз мансабындағы алғашқы титул жақын екенін шын сезінген еді.
Ойынның соңғы минуттарында Кейн алаң жанына жақындап, ысқырықты тағатсыздана күтті.
Алайда, матчтың ең соңғы секундтарында “Лейпциг” тағы бір гол соғып, есепті 3:3-ке жеткізді. Камералар Кейнге тағы да назар салды. Бұл жолы оның бет-әлпеті эмоциялардың күрделі қоспасына толы болды. “Бавария”чемпиондық жолында әлі де басымдыққа ие болғанымен, бүгін Кейн үшін той болмайды.
Біздің серіктес: FONBET