Дзюба мансабын аяқтамақ

04.05.2025, 19:30

Тольяттилік “Акрон” клубында ойнайтын Ресейлік шабуылшы Артем Дзюбаның агенті Леонид Гольдман ойыншының болашағына қатысты мәлімдеме жасады.

Дзюба мансабын аяқтамақ

Оның айтуынша, 36 жастағы футболшы қазіргі таңда екі нұсқаны қарастырып отыр. Не мансабын аяқтау, не қазіргі клубымен келісімшартты ұзарту.

“Мен бұған дейін “Акрон” басшылығы айтқан ақпаратты ғана растай аламын. Артеммен келісімшартты ұзарту жөніндегі келіссөздер жүріп жатыр. Ең алдымен, Дзюбаның өзі футбол мансабын жалғастыруға дайын екеніне нақты шешім қабылдауы керек. Содан кейін ғана біз “Акронмен” шарттардың егжей-тегжейі бойынша келісеміз.” — деді Гольдман.

Оның айтуынша, Дзюбаға басқа клубтардан да қызығушылық бар. Алайда басты басымдық — қазіргі клубында.

“Бізді “Акрондағы” жағдай толық қанағаттандырады. Барлық факторлар сәйкес келген жағдайда келісімшарт ұзартылатын болады. Қазір бұл — қалыпты процесс. Бізде клуб басшылығы және бапкерлер құрамымен тамаша қарым-қатынас орнаған.” — деп толықтырды агент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×