Еліміздің 9 стадионы халықаралық жарыстарды өткізе алады - ҚР футбол федерациясының вице-президенті

06.04.2011, 21:26
Еліміздің 9 стадионы халықаралық жарыстарды өткізе алады - ҚР футбол федерациясының вице-президенті
АЛМАТЫ. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы УЕФА-ның сертификаттауы бойынша еліміздің 9 стадионы халықаралық додаларды өткізе алады. Бұл жайында ҚР футбол федерациясының вице-президенті Виктор Катков Алматыда «Футбол алаңдары мен жасанды шөп. Құрылыс пен күтім» атты семинар барысында мәлім етті. Оның айтуынша, Алматы, Астана, Талдықорған, Ақтөбе және Көкшетау қалаларындағы футбол стадиондары халықаралық стандарттарға сай әрі сол деңгейде жарыс өткізуге дайын. "УЕФА өкілдері стадиондардың дайындығын жіті бақылауда, сондай-ақ олар бекіткен ереже бойынша әуежай мен стадионның арасы 190 шақырымнан аспау керек",- дейді В.Катков. Сонымен қатар ол ел футболын дамытуда жастарды жаттықтыру маңызды екендігін айтып өтті. "Бірақ қазір оларды жаттықтырудағы жағдайдың төмендігін ел құрамасының нәтижелерінен көруге болады. Стадиондарда жасанды төсемшелерді пайдалану көптеген елдер үшін қалыпты жағдай, сондықтан климаттық жағдайдағы Қазақстанға да оны пайдаланған тиімді",-дейді В.Катков.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×