ЕЛШI ФУТБОЛШЫНЫ ҚҰРМЕТТЕДI

11.10.2011, 19:52
ЕЛШI ФУТБОЛШЫНЫ ҚҰРМЕТТЕДI
Былтыр Оңтүстiк Африка Республикасында өткен әлем чемпионатында ең үздiк футболшы атанған уругвайлық Диего Форлан тағы да құрметке бөлендi. Жуырда Уругвайдағы Испания мемлекетiнiң елшiсi Аврора Диас-Рато Форланды қабылдап, кеудесiне Изабелла орденiн қадады. Бұл орден жайдан-жай берiле салмайды. Испания елiнде ерекше көзге түскен жандарға берiледi. Форлан бұған дейiн Мадрид қаласының клубы “Атлетикода” доп қуып, 198 кездесуге қатысқан болатын. Сұрмерген ойыншы клубы үшiн барын салып ойнайтынын дәлдеп 96 гол соқты. Қоғамдық шаруаларға да ебi бар Диего байлығынан бөлiп, қайырымдылық шараларға да үлес қосады. Қазiргi уақытта Диего Форлан итальяндық “Интердiң” белдi ойыншыларының бiрi әрi бiрегейi. «Жас Алаш»
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×