«Ең, ең...» Футболдан әлем чемпионаттарындағы рекордтар. Сіз білмейтін қызықтар
14.02.2017, 21:05
«Ең, ең...» Футболдан әлем чемпионаттарындағы рекордтар.
Шамасы, футболшылар үшін әлем чемпионатына қатысу үлкен арман шығар. Ал сол доп додасында ерекше рекорд орнатып, тарихта қалу – кез келгенге түсе бермес бақыт.
Назарларыңызға футболдан әлем чемпионаттарында болған рекордтарды ұсынамыз:
- Бір матчта ең көп гол соғу бойынша рекорд Реcей құрамасының шабуылшысы Олег Саленкоға тиесілі. Ол 1994 жылы әлем чемпионатында Камерун қақпасына бес гол соққан.
- Әлем чемпионатының финалда хет-трик жасаған бір ғана ойыншы бар. 1966 жылы ағылшын футболшысы Джеффри Херст ақтық ойында ФРГ құрамасының қақпасына үш гол соққан.
- Әлем чемпионатындағы ең жылдам голды түркиялық Хакан Шүкір салды. Осыдан 15 жыл бұрын Оңтүстік Корея мен Жапонияда өткен әлемдік додада Хакан кәрістер қақпасына, бар болғаны, 11-секундта гол соққан.
- Солтүстік ирландиялық Нормен Уитсайд аталмыш турнирдің финалдық ойындарына қатысқан ең жас футболшы болып тарихта қалды. Әлем чемпионатында алаңға шыққанда ол 17 жаста болатын.
- 2006 жылғы әлем чемпионатында швейцариялық қақпашы Паскаль Цубербюлер мүлдем гол жіберген жоқ. Топтық кезеңнің үш матчында өз қақпасын «құрғақ» сақтап қана қоймай, 1/8 финалда Украина құрамасынан (0:0) да гол жіберген жоқ. Өкінішке қарай, оның құрамасы пенальти сериясында ғана қарсыласқа жол берді.
- Уругвайлық Хосе Батиста әлем чемпионатында ең жылдам қызыл қағаз алған футболшы болып есте қалмақ. Ол Шотландияға қарсы ойында 56-секундта алаңнан қуылған.
- Құраманы әлем чемпионатына алып келген ең жас бапкер – аргентиналық Хуан Хосе Тримутола. Оның жасы небәрі 27-де болатын.
- Әлем чемпионатындағы ең ірі есеп 1982 жылы Венгрия – Сальвадор арасындағы кездесуде тіркелді. Венгриялықтар 10:1 есебімен жеңіске жетті.
- Ал 1954 жылғы әлемдік додада Австрия – Швейцария (7:5) арасындағы ойында 12 гол соғылды. Бұл әлем чемпионаты тарихында бір ойында ең көп гол соғылған матч саналады.