Олжас Абраев ҚФФ вице-президенті қызметінен кетті

14.02.2017, 20:52
Олжас Абраев ҚФФ вице-президенті қызметінен кетті
Олжас Абраев Қазақстан футбол Федерациясының вице-президенті қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл Абраевті ресми сайттағы басшылар тізіменен алып тастағаннан кейін белгілі болған. Айта кету қажет, ол осыған дейін ҚФФ-ның бірнеше лауазымы бойынша қызмет атқарып, ҚКФЛ президенті қызметінде жұмыс істеген. Сонымен қатар, ол ФИФА категориясы бойынша футзалдан халықаралық төреші және УЕФА матчтарының делегаты. Олжас Абраев бұл туралы пікір білдіруден бас тартқан.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×