«Ең, ең...» Футболдан әлем чемпионаттарындағы рекордтар. Сіз білмейтін қызықтар

14.02.2017, 21:05
«Ең, ең...» Футболдан әлем чемпионаттарындағы рекордтар.   Сіз білмейтін қызықтар
«Ең, ең...» Футболдан әлем чемпионаттарындағы рекордтар. Шамасы, футболшылар үшін әлем чемпионатына қатысу үлкен арман шығар. Ал сол доп додасында ерекше рекорд орнатып, тарихта қалу – кез келгенге түсе бермес бақыт. Назарларыңызға футболдан әлем чемпионаттарында болған рекордтарды ұсынамыз: - Бір матчта ең көп гол соғу бойынша рекорд Реcей құрамасының шабуылшысы Олег Саленкоға тиесілі. Ол 1994 жылы әлем чемпионатында Камерун қақпасына бес гол соққан. - Әлем чемпионатының финалда хет-трик жасаған бір ғана ойыншы бар. 1966 жылы ағылшын футболшысы Джеффри Херст ақтық ойында ФРГ құрамасының қақпасына үш гол соққан. - Әлем чемпионатындағы ең жылдам голды түркиялық Хакан Шүкір салды. Осыдан 15 жыл бұрын Оңтүстік Корея мен Жапонияда өткен әлемдік додада Хакан кәрістер қақпасына, бар болғаны, 11-секундта гол соққан. - Солтүстік ирландиялық Нормен Уитсайд аталмыш турнирдің финалдық ойындарына қатысқан ең жас футболшы болып тарихта қалды. Әлем чемпионатында алаңға шыққанда ол 17 жаста болатын. - 2006 жылғы әлем чемпионатында швейцариялық қақпашы Паскаль Цубербюлер мүлдем гол жіберген жоқ. Топтық кезеңнің үш матчында өз қақпасын «құрғақ» сақтап қана қоймай, 1/8 финалда Украина құрамасынан (0:0) да гол жіберген жоқ. Өкінішке қарай, оның құрамасы пенальти сериясында ғана қарсыласқа жол берді. - Уругвайлық Хосе Батиста әлем чемпионатында ең жылдам қызыл қағаз алған футболшы болып есте қалмақ. Ол Шотландияға қарсы ойында 56-секундта алаңнан қуылған. - Құраманы әлем чемпионатына алып келген ең жас бапкер – аргентиналық Хуан Хосе Тримутола. Оның жасы небәрі 27-де болатын. - Әлем чемпионатындағы ең ірі есеп 1982 жылы Венгрия – Сальвадор арасындағы кездесуде тіркелді. Венгриялықтар 10:1 есебімен жеңіске жетті. - Ал 1954 жылғы әлемдік додада Австрия – Швейцария (7:5) арасындағы ойында 12 гол соғылды. Бұл әлем чемпионаты тарихында бір ойында ең көп гол соғылған матч саналады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×