Ең үздік спорт журналисі кім?

26.10.2011, 02:45
Ең үздік спорт журналисі кім?
Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті еліміздегі БАҚ өкілдері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұл атындағы жыл сайын өтетін конкурстың басталғаның хабарлайды.
Конкурсқа бұрын жеңімпаз атанбаған және 2006 жылға дейінгі уақыттағы осы жүлдені сарапқа салудың өткен кезеңінің жеңімпазы болған журналистер қатыса алады. Яғни конкурста жеңіске жеткеннен кейінгі өткен уақыт 5 жылдан кем болмауы тиіс. Сыйлық үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде және бір сыйлық - орыс тілінде жарияланған материалдарға белгіленген. Өтінімдер мен мақалалар мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 25 (11-қабат) «Аңсар» бизнес-орталығы, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің ҰШК және СРД баспасөз қызметі («2011 жылғы С. Бердіқұл атындағы конкурсқа» деген белгімен). Үміткерлер 2011 жылдағы жұмыстарын мына тақырыптар бойынша тапсыруы тиіс: 1). Әлем және Азия чемпионатында, әлем кубоктарында, мәртебелі халықаралық жарыстарға және Қазақстан біріншіліктеріне арналған шолу жасау (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.) 2) Қазақстандық БАҚ-та бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты, мүгедектер арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын, т.б. насихаттау. 3) Астана және Алматы қалаларында өткен 2011 жылғы VІІ қысқы Азия ойындарына арналған мақалалар, материалдар, хабарлар, очерктер. Конкурстың жеңімпаздары, «Сейдахмет Бердіқұл атындағы сыйлықтың лауреаты» деген арнайы төсбелгімен марапатталып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болады. Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 91 15 29 немесе 8 701 367 18 34
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×