Эрич "ХИК- ке" қарсы ойында алаңға шығады

28.07.2015, 15:41
Эрич "ХИК- ке" қарсы ойында алаңға шығады
"Астананың" негізгі қақпашысы Ненад Эрич жарақатынан толықтай айығып, Чемпионлар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "ХИК-ке" қарсы ойында алаңға шығады. Эрич соңғы рет шілде айының басында "Қайсарға" қарсы ойында алаңға шықты. Осы кездесуден кейін астаналық команданың қақпашысы жарақат алып, Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Мариборға" қарсы өткізген екі кездесуді де жіберіп алған Қақпашы командамен бірге жаттығуға кірісті және ХИК- ке қарсы кездесуде алаңға бірінші минуттан бастап шығады Бүгін, 28 шілде күні "Астана" футболшылары "Финляндияға" ұшады. "Мариборға" қарсы откен кездесуде қызыл қағаз алғандықтан колумбиялық жартылай қорғаушы Рохер Каньяс "ХИК-ке қарсы кездесуге қатыспайды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×