Еркебұлан Сейдахмет «Қайратқа» қайта оралды

05.01.2021, 19:00
Футболшы «Жетісу» сапында алты матчқа қатысты.
Еркебұлан Сейдахмет «Қайратқа» қайта оралды

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет "Жетісудан" кетіп, "Қайратқа" оралды.

20 жастағы шабуылшы маусымның екінші бөлігін талдықорғандық клубта өткізді. "Жетісу" құрамында ол Қазақстан Премьер-лигасында алты матч өткізді, бірақ нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады. Жалдау шарты аяқталғаннан кейін ойыншы алматылық клубқа оралды.

Еске салайық, Сейдахмет 2019 жылдың маусым айында "Қайратқа" ауысып, тағы екі маусымға ұзарту мүмкіндігімен үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Алматылық клуб үшін ол ҚПЛ-де 12 матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×