Мұрат Тілешев «Ақтөбе» клубының спорттық директоры болып тағайындалды

05.01.2021, 20:57
Тілешев бұған дейін «Шахтер» клубында жұмыс істеген еді.
Мұрат Тілешев «Ақтөбе» клубының спорттық директоры болып тағайындалды

Мұрат Тілешев "Ақтөбе" клубының спорттық директоры болып тағайындалды, деп хабарлады клубтың ресми сайты.

Мұрат Әзімбекұлы футбол мансабын 1998 жылы туған жері Таразда бастаған. Сонымен қатар ол "Шахтер", "Астана", "Ордабасы", "Ертіс", "Жетісу" және "Атырау" командаларында ойнады. Мұрат "Ақтөбеге" үш рет келді. Тілешев үшін ең сәтті маусымдар 2009 және 2010 жылдар болды. Мұрат екі рет Қазақстан чемпионатының сұрмергені атанды, ал оның "АЗ Алкмаарға" соққан голдары ақтөбелік жанкүйерлердің есінде. 2016 жылы шабуылшы мансабын дәл осы клубта аяқтады. Ол Қазақстан чемпионатының тарихындағы үздік екінші сұрмерген (148 гол).

Ойын мансабын аяқтағаннан кейін ол Қазақстан Футбол Федерациясында жұмыс істеді, сонымен қатар "Астана" мен "Шахтер" клубтарында спорттық директор лауазымында қызмет атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×