Еркебұлан Тұңғышбаев: «Біз ары қарай да жеңістерге жетіп, өз жанкүйерлерімізді қуантамыз деп сенемін»

06.04.2021, 17:51
Тұңғышбаев кеше командасына үш ұпай сыйлады.
Еркебұлан Тұңғышбаев: «Біз ары қарай да жеңістерге жетіп, өз жанкүйерлерімізді қуантамыз деп сенемін»

"Ақжайық" қақпасына жеңісті голды соққан "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев өткен ойын жайлы пікірімен бөлісті:

- Кездесу біз үшін өте қиын болды, әлбетте, біз бүгінгі ойында жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Біз ары қарай да жеңістерге жетіп, өз жанкүйерлерімізді қуантамыз деп сенемін. Бүгін өзімнің клубқа оралғаннан кейінгі және осы маусымдағы алғашқы голымды соққаныма қуаныштымын, алдағы уақытта да командаға чемпионат ойындарында қажетті нәтижеге қол жеткізуге көмектесемін деген ойдамын.

"Ордабасы" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×