Мұхамеджан Сейсен: «Өкінішке орай, қолда тұрған жеңісті жіберіп алдық»

06.04.2021, 21:35
«Тараз» бірінші таймда екі гол соққанымен, «Қайрат» екінші таймда екі голмен жауап қатты.
Мұхамеджан Сейсен: «Өкінішке орай, қолда тұрған жеңісті жіберіп алдық»

"Тараз" қақпашысы Мұхамеджан Сейсен "Қайратпен" болған ойындағы қаһармандарының бірі атанды. Ол бірнеше қауіптің бетін қайтарып, сәтті сейвтар жасады. Қақпашы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында ойын туралы пікірімен бөлісті.

- Күткендей-ақ, матч оңай болған жоқ...

- Иә, әрине, өте қиын кездесу болды. Бірінші таймда екі гол соғып алғанымыз дұрыс болды. Бір жағынан, екінші таймда қарсыласты ашуландырғанымыз сезілді. Олар қарқынды үдете берді. Барлығы шабуылға шығып, біраз қиындықтар туғызды.

- Екінші таймда өзіміз екі гол жіберіп алдық...

- Иә, екінші бөлікте біз қорғаныста болдық. Өз қақпамызға дейін төмен түсуге мәжбүр болдық. Бірақ жігіттердің бар күшін салып, беріліп ойнауының арқасында ұпайға ие болдық.

- Қорытынды нәтиже көңілден шыға ма?

- Әрине, жоқ. Екі доп айырмасымен ұтып жатып, жеңісті жіберіп алу - өкінішті жағдай. Оның үстіне, кез келген тең ойынға, тіпті чемпионмен болса да, бір ғана ұпай береді. Ал жігіттер жеңіс үшін ойнап, барын салды.

- "Қайрат" ойыншыларынан жеке кімді атап өтер едің?

- Оларда барлығы ұйымдастырылған, ойын мәнері қойылған. Былтыр чемпион атануы да бекер емес. Вагнер Лавты ерекше атап өтуге болады. Ойыншының шеберлігі мен тәжірибесі көзге ұрып тұр.

"Тараз" КФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×