Ерлан Оразаев: «Адиев біздің клубта өзін дәлелдегісі келеді»

17.04.2021, 18:02
Адиев «Шахтермен» осы жылдың соңына дейін келісім-шарт жасасты. Тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.
Ерлан Оразаев: «Адиев біздің клубта өзін дәлелдегісі келеді»

Қарағандылық "Шахтер" клубының директоры Ерлан Оразаев Vesti.kz сайтына берген сұхбатында бас бапкер қызметіне Магомед Адиевті таңдауының себебін түсіндірді.

- Ерлан Жаңатайұлы, неге бас бапкер қызметіне Магомед Адиевті таңдадыңыздар?

- Біз жаттықтырушыны іздеу барысында көп жұмыс жасадық. Нәтижесінде ресейлік маман Магомед Адиевті таңдадық. Ол алдына жоғары мақсаттар қоятын маман, біз онымен бірге жетістікке жетеміз деген сенімдемін. Ол бұл жерде жай ғана жұмыс істемей, өзін дәлелдегісі келеді.

- Бастапқыда шетелдік бапкерлерден бөлек, жергілікті мамандарды да қарастырдыңыз ба?

- Ия, бірнеше нұсқалар болды, бірақ таңдау Адиевтің пайдасына жасалды.

- Адиевке еурокубокке жолдама алу міндеті қойылды ма?

- Әр ойында жеңіске жету керек, біз әр матч сайын алға жылжуға тырысамыз.

- Шабуылшы Евгений Павлов командадан кетуі мүмкін деген ақпарат рас па?

- Жоқ, оның жарақаты бар, жаттығулардың бірінде ол қолын сындырып алды, қазір жеке өзі жаттығу жасап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×