Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасының» ТОП-5 сұрмергендерінің қатарына енді

17.04.2021, 16:46
Еркебұлан «Ордабасы» сапындағы 23-ші голын соқты.
Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасының» ТОП-5 сұрмергендерінің қатарына енді

«Ордабасының» 26 жастағы жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев «Астанаға» қарсы ойында шымкенттік клуб сапындағы 23-голын соғып, команда тарихындағы сұрмергендердің үздік бестігіне енді.

Оңтүстік Қазақстан футбол мектебінің түлегі Премьер-лигада алғаш рет 2014-жылдың 22 наурызында «Астанаға» қарсы ойын барысында команда капитаны Қайрат Әшірбековты ауыстырып, дебют жасаған. Ал өзінің алғашқы голын 2014-жылдың 28 қыркүйегінде қарағандылық «Шахтер» қақпасына соққан.

«Ордабасының» Премьер-лигадағы үздік сұрмергендері (1999-2021 жж.):

1. Дәуренбек Тәжімбетов – 32 гол (133 ойын);

2. Жоао Пауло – 30 гол (55 ойын);

3. Азат Нұрғалиев – 28 гол (204 ойын);

4. Александр Крохмаль – 24 гол (67 ойын);

5. Еркебұлан Тұңғышбаев – 23 гол (143 ойын);

6. Таңат Нөсербаев – 22 гол (121 ойын);

7. Абдуллай Диакате – 22 гол (164 ойын);

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×