«Рома» футболшысы Крис Смоллингтің үйі тоналды

17.04.2021, 04:44
Смоллинг кеше «Аякспен» болған матчқа қатыспаған еді.
«Рома» футболшысы Крис Смоллингтің үйі тоналды

"Рома" клубының қорғаушысы Крис Смоллинг кеше түнде өте жағымсыз жағдайға тап болды, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.

Футболшы және оның әйелі мен екі жасар баласы ұйықтап жатқан кезде үйге қарулы қарақшылар басып кірген. Олар футболшыны сейфті ашып, сағаты мен әшекейлерін беруге мәжбүр етті. Таңғы сағат 5-те Кристің әйелі полицияға қоңырау шалды, олар бұл оқиғаны тергеуге кірісіп те кетті. Клуб ойыншыны қолдайтынын және оған көмектесуге дайын екенін хабарлады. Айта кетейік, қазан айының соңында "Романың" бас бапкері Паулу Фонсеканың да үйі тоналған болатын.

"Рома" Смоллингті 2019 жылы "Манчестер Юнайтедтен" жалға алды, ал былтыр жазда сатып алды. Осы маусымда 31 жастағы қорғаушы Италия чемпионатында 14 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×