Қазақстандық футболшы белоруссиялық клубпен келісім-шартқа отырды

16.04.2021, 22:41
Бұл клуб осы жылы Белоруссия чемпионатының жоғарғы дивизионына шығуды көздеп отыр.
Қазақстандық футболшы белоруссиялық клубпен келісім-шартқа отырды

"Алтайдың" жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков белоруссиялық "Белшина" клубының ойыншысы атанды. Келісім-шарт бір маусымға жасалды.

Өскемен футболының 21 жастағы тәрбиеленушісі 2018 жылдан бастап "Алтайдың" қосалқы, содан кейін негізгі командасында ойнады.

Футболшы "Белшина" клубына қаралымға барып, өзін жақсы жағынан көрсетті. Клубтың жастар құрамасымен болған жолдастық кездесуде ол бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Айтпақшы, "Белшина" алдына Белоруссия чемпионатының жоғарғы дивизионына шығу міндетін қойып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×