Ерлан Қожағапанов Алматы облысының жұртшылығымен кездесті

11.06.2015, 08:18
Ерлан Қожағапанов Алматы облысының жұртшылығымен кездесті
Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Талдықорған қаласы және Алматы облысының жұртшылығымен кездесу өткізді. Қазақстан нөмірі бірінші спорт саналатын футболдың аймақтағы қазіргі жағдайына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Жекелей алғанда, ҚФФ басшысы жиналғандардың назарына 2022 жылға дейінгі Қазақстанда футболды дамыту бағдарламасының негізгі бағыттарын ұсынды. Оның басым бағыты - балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту. Сонымен қатар, ҚФФ басшысы «Жетісу» футбол клуыбынң қазіргі жағдайы мен аймақтағы балалар-жасөспірімдер футболын дамыту жолдарына тоқталды. - Талдықорғандық «Жетісу» футбол клубының ойыншылар мен жаттықтырушылар штабы алдында қарызы болғанын және қазіргі уақытта да мәселелер бар екенін барлығымыз білеміз. Менің білуімше, биыл барлығы уақытында төленіп жатыр. Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовпен бірнеше рет сөйлестім. Аймақтағы футболды дамытуда көзқарасымыз ортақ екеніне қуаныштымын. Ол алдағы уақытта өткен маусымның қарыздары толық жабылатынына уәде етті, - деп мәлімдеді Ерлан Қожағапанов. ҚФФ басшысы 2022 жылға дейін Қазақстанда футболды дамыту бағдарламасының бағыттары жөнінде айта отыра, бағдарламаны дайындауға әр азаматтың қатыса алатынын атап өтті. - Біз құжатта 2022 жылға дейін Қазақстанда футболды дамыту жөнінде өз ұсыныстарымызды көрсеттік. Қазақстандық футбол 7 жылдан кейін қандай болуы керек деген сұраққа жауап береміз. Басты мақсаттар мен міндеттерді анықтаймыз, сонымен қатар біз ұмтылатын көрсеткіштерді белгілейміз. Ең басым бағыт - балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту деп санаймыз, - дейді Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов. Жиналғандар мұндай кездесулердің маңызды екенін айтып, жиынды ұйымдастырған өңір басшысы мен Қазақстан футбол федерациясына алғыстарын жеткізді. Айта кету керек, дәл осындай жиын Шымкент, Тараз, Қызылорда және Алматы қалаларында өтті. Алдағы уақытта еліміздің өзге қалаларында жалғасын таппақ.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×