Санжар Ысқақов УЕФА Аймақ кубогының финалдық турнирінде қызмет атқарады

11.06.2015, 08:21
Санжар Ысқақов УЕФА Аймақ кубогының финалдық турнирінде қызмет атқарады
26 маусым мен 4 шілде аралығында Ирландия астанасы Дублин қаласында УЕФА Аймақ кубогының финалдық турнирі өтеді. Бұл турнирдегі ойындарға қазылық етуге шақырылған төрешілердің бірі - ФИФА төрешісінің көмекшісі, қазақстандық Санжар Ысқақов. 29 жастағы қостанайлық төрешінің УЕФА аясында жұмыс тәжірибесі бар. Ол Еуропа Лигасының іріктеу турнирінде «Зестафони» (Грузия) – «Спартак» (Словакия), «Войводина» (Сербия) – «Рапид» (Австрия) матчтарында қызмет атқарды. Сербия (2011) мен Нидерланд (2013) елінде өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде төрелік етті. Сонымен қатар, жастар арасындағы Еуропа Чемпионатының аясындағы Сан-Марино – Грекия іріктеу матчында жұмыс істеді. Айта кету керек, Санжар Ысқақов 2015 жылдың 17-20 мамыр аралығында УЕФА-ның ФИФА төрешілерінің көмекшілеріне ұйымдастарған біліктілікті арттыру курсына қатысты.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×