Ерлан Уразаев: «Әлсіздер сылтау іздейді, ал мықтылар мүмкіндік іздейді»

14.04.2021, 02:03
Алдағы уақытта командаға жаңа бапкер тағайындалмақ және құрам да өзгерістер болады.
Ерлан Уразаев: «Әлсіздер сылтау іздейді, ал мықтылар мүмкіндік іздейді»

"Шахтер" футбол клубының атқарушы директоры Ерлан Уразаев мәлімдеме жасады:

- Достар, біз команданың маусым басындағы жұмысына қатысты алаңдап жатқаныңызды жақсы түсінеміз және білеміз. Менің сөзіме сеніңіздер, ойыншылар, жаттықтырушылар және "Шахтер" әкімшілігі де қазіргі жағдайға шын жүректен алаңдайды.

Облыс әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек бізге клубты басқаруды сеніп тапсырды, мен оны және біздің жанкүйерлерімізді жерге қаратқанымды толық түсінемін. Мен жаттықтырушыны таңдау кезінде қателік жібердім, Әли Әлиевтің тәжірибесі жеткіліксіз болды және ол өз қызметінен кетіп қалды. Селекция жұмыстарында да қателіктер жібердік.

Әлсіздер сылтау іздейді, ал мықтылар мүмкіндік іздейді. Мен ешқандай сылтау іздегім келмейді және біздің жұмысымызда қате шешімдер болғанын мойындаймын. Бірақ мен жағдайды түзету үшін қазірдің өзінде жұмыс істеп жатқандығымызға сіздерді сендіргім келеді. Біз "Зенит" клубының және басқа да бірқатар сарапшылармен келісім-шартқа отырдық. Жақында жаңа бас бапкер тағайындалады. Команданың құрамында да өзгерістер болады.

Сондай-ақ біздің қателіктеріміз кәсіби деңгейдің жоқтығынан немесе немқұрайлылықтан болған жоқ деп айта аламын. Қазір клуб үлкен өзгерістер мен реформа кезеңін бастан өткеруде. Бұл қажеттілік пен уақыттың әсерінен туындаған ішкі процестер. Біз "Шахтердің" мықты болуы үшін бәрін жасап жатырмыз.

Қазір тек 5 тур артта қалды. Маусым біз үшін аяқталған жоқ, біз бұл жағдайды түзетеміз. Сабыр етіңіз. Ешкім де қол қусырып отырмайды деп сенімді болыңыз, біз нақты іс-шаралар жоспарын жасап қойдық. Біз өз клубымызды чемпионаттағы мықтылардың қатарына қайтару үшін бар күшімізді саламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×