Футболдағы прогресс: Әйелдердің бас төреші болып жұмыс істеуі дұрыс па?

Ернар Ламқадыров
Бас редактор
13.04.2021, 23:53
Тіпті көршілес жатқан Ресейде де әйел адам қосалқы төреші ретінде жұмыс істейді екен.
Футболдағы прогресс: Әйелдердің бас төреші болып жұмыс істеуі дұрыс па?

АПЛ тарихында алғаш рет әйел адам бас төреші болып жұмыс істеді. Рас, әзірге мұндай жағдай орын алған жоқ. Бірақ әңгіме Чемпионшип, Лига 1 және Лига 2 (Англия) жайлы болып отыр. Оның ішінде, 37 жастағы Ребекка Велчке Екінші лигадағы "Харрогейт Таун" мен "Порт Вейл" арасындағы матч сеніп тапсырылды.

Лиганың ресми сайтына берген сұхбатында Ребекка өзінің бас төреші ретінде тағайындалуы жас қыздар үшін маңызды екенін айтты - енді олар өздігінен шешім қабылдай бастайды. Ол сондай-ақ: "Өз санатында алғашқы орында тұрған 1% әйелдер келесі деңгейге өте алатындығын көрсету маңызды", - деп қосты.

Ағылшын басылымдарының үлкен тақырыптарына қарамастан, Чемпионшипте әйел адам бас төреші болып тағайындалмаса да, бір матчта бас қазы болып жұмыс істеді. Бұл 2010 жылдың 9 ақпанында болды. Эми Ферн "Ковентри" - "Ноттингем Форест" матчының соңғы 20 минутында әріптесі (ер адам) жарақат алғандықтан бас төреші ретінде қызмет атқарды.

Әдетте, қыздарға әйелдер футболында төреші болған дұрыс. Алайда, жағдай өзгеруде: ерлер футболында әйел төрешілер көбейіп келеді. Мысалы, Сиан Мэсси 10 жыл бойы Премьер-лига матчтарында қапталдағы төреші болып жұмыс істейді. Өткен жылы дәл осы маманды Серхио Агуэро құшақтап алған болатын.


Кейбір елдерде қыздар ұзақ уақыттан бері жоғары деңгейдегі бас төрешілер болып қызмет атқаруда. Бразилия чемпионатында қызмет ететін Силвия Режина өзінің дебютін 2003 жылы жасады. Украина чемпионатында Екатерина Монзуль 2016 жылы алғаш рет бас төреші ретінде жұмыс істеді. Осы маусымда Чемпиондар Лигасының тарихында алғаш рет "Ювентус" - "Динамо Киев" матчында қос команданы алаңға франциялық төреші Стефани Фраппар бастап шықты. Дәл осы украиналық және франциялық маман жақында 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчтарына да бас төреші болып тағайындалды (Австрия - Фарер аралдары және Нидерланды - Латвия).

Ал көршілес Ресейде Анастасия Пустовойтова әзірге тек РПЛ матчтарына қосалқы төреші болып тағайындалуда. Алайда, Ресейдегі төрешілер бөлімінің басшысы Виктор Кашшай әйел төрешілерге көбірек мүмкіндік бергісі келеді.

"Германия мен Францияның бірінші лигасында жұмыс жасайтын әйел төрешілер бар. Келесі аптада біз РПЛ-де әйел төрешіні көреміз деп айтпаймын, бірақ болашақта мұндай төрешілер Премьер-лигада жұмыс істей алады. Егер бұл жағдай орын алса, мен өте қуанышты болар едім", - деді Кашшай өткен жазда.

Төреші қыздарға қандай талаптар қойылды?

"Әйел футболда емес, ас үйде болуы керек" деген ойды алып тастап, объективті дәлелдерге көшейік. Ең алдымен, біз қыздардың әлсіз және төзімділігінің аз екендігіне назар аударамыз. Төрешілер үшін дене күші маңызды, өйткені олар көп жүгіріп, допқа жақын болуы керек. Төрешілер сынақтар тапсыруға мәжбүр, ал бұл сынақтан өте алмаған мамандар жоғары деңгейде жұмыс істей алмайды.

Күмәнданудың тағы бір себебі бар. Қазіргі таңда қыздардың біліктілігі ер адамдарға қарағанда төмен сияқты. Себебі оларға ұзақ уақыт бойы негізгі футбол турнирлерінде жұмыс істеу мүмкіндігі берілмеді (тіпті қазір де берілмей жатыр). Әйелдер ерлер футболында жақсы жұмыс жасайтындықтан емес, ер адам мен әйел адам арасындағы теңдікті көрсету үшін жұмыс істеуі де мүмкін деген ойлар бар.

Егер сіз Премьер-лига матчтарын алып қарасаңыз, онда бұл маусымда түсініксіз қателіктер көп болды. Англияда Артета мен Гвардиола сияқты бапкерлер төрешілердің нашар жұмыс жасайтынын ашық айтады. Осы тұста, Ребекка Вэлчтің айтқан сөздері ақылға қонымды болып көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×