Эрлинг Холанд тарихи рекорд орнатты

07.03.2021, 17:40
Эрлинг Месси, Роналду, Мбаппе, Ибрагимовичтің рекордын бұзып жарды.
Эрлинг Холанд тарихи рекорд орнатты

Дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холанд Бундеслиганың 24-турында «Бавариямен» (4:2) болған матчта мансабындағы 100-ші голын соқты. Норвегиялық шабуылшы бірінші таймда дубль жасады.

Gracenote статистикалық порталының мәліметтері бойынша Холандқа бұл көрсеткішке жету үшін 146 ойын қажет болды. Салыстырмалы түрде, «Париж-Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппе 180 ойында 100 гол соқса, «Барселона» капитаны Лионель Месси 210 ойында, «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду 301 матчта, «Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимович 245 кездесуде 100 гол соққан.

Холанд Германия чемпионатының ағымдағы маусымында 18 матч өткізіп, 19 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар оның УЕФА Чемпиондар Лигасында өткізген 5 матчы мен соққан 8 голы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×