«Барселонадағы» президент сайлауы: үш үміткердің ұсынған жобасы туралы білесіз бе?

Ернар Ламқадыров
Бас редактор
07.03.2021, 06:10
Бүгін, 7 наурызда «Барселонаға» жаңа президент сайланады. Сайлауға үш үміткер қатысады. Олардың бірі Мессиді командада қалдыруға уәде берсе, екіншісі Мессиге жалынбайтынын айтты.
«Барселонадағы» президент сайлауы: үш үміткердің ұсынған жобасы туралы білесіз бе?

Ал енді бірі Куманның орнына Гвардиола мен Хавидің келетіндігін жоққа шығармады. Шынын айту керек: жанкүйерлер күте-күте шаршады. "Барселона" президенті Хосеп Бартомеу қызметінен кеткен соң клубтың қарқыны бәсеңдеді. Әңгіме нәтижелер туралы емес, каталондық клубтың қай бағытта жүретінін ешкім түсінбейді. Месси қалады ма, Хави келеді ме және қаржылық мәселелерді қалай шешуге болады? Бұл сұрақтарға уақытша басқару комитетін басқарған Карлес Тускетс ешқашан жауап бере алмайды. Ол кеңсе жұмысын бақылады, бірақ стратегиялық шешімдер қабылдамайды. Бұл үшін жаңа бастық қажет.

Бастапқыда "Барселонада" президент сайлауы 24 қаңтарда өтуі керек еді. Бірақ 14 қаңтарда бұл рәсім 7 наурызға ауыстырылды. Себеп - аймақтағы коронавирусқа байланысты енгізілген қатаң тыйымдар. Демек, сайлау учаскелеріне дауыс беруге құқығы барлардың барлығы келе алмайды. "Барселона" үкіметке онлайн дауыс беру идеясын ұсынуға тырысты, бірақ үкімет мұнымен келіспеді. Бұл үшін заңнаманы өзгерту қажет болады және бұл процесс ұзаққа созылады. Сондықтан сайлау 7 наурызда өткізіледі. Осылайша, президенті жоқ "Барселона" қысқы трансферлік терезеде бірде-бір ойыншы алған жоқ, ал Рональд Куман маусымды осы құраммен аяқтайды. Бүгін, 7 наурызда клубтың қай бағытқа түсетінін білетін боламыз. Қажетті дауысқа қол жеткізген үш үміткердің стратегиялары салыстырмалы түрде ұқсас, бірақ жинаған қолдары (жақтастары) әртүрлі. Біз сізге әрқайсысының жобасы туралы айтып береміз.

Жоан Лапорта (9625 қол): Мессиді командада қалдырып, "Барселонаға" Гвардиоланы шақырғысы келеді


Лапорта "Барсаны" 2003-2010 жылдар аралығында басқарған. Одан кінәрат табу қиын. Қол жеткізген атақтар, жұлдызды ойыншылар, Гвардиоланың тағайындалуы, қалыпты экономика, дау-дамайдың болмауы - сол кездегі Лапортаның жетістіктері оның жаңа президент болуына үлкен септігін тигізбек. Ол 2010 жылы клубта қалуы мүмкін еді, бірақ ол президент болу мерзімінен асып кете алмады. Осылайша Жоан кетіп қалды, ал оның орнын басқан жақын досы Сандро Росель келеңсіз жағдайларға тап болды

Енді Лапортаның сайлау алдындағы негізгі жобасы Мессиге бағытталған. Менеджер әр сұхбатында Леоға деген ерекше байланысын атап өтеді және оны клубта қалдыруға уәде берді. Сондай-ақ ол Хосеп Гвардиола туралы мәлімдеме жасады. Лапорта Пепті үйіне қайтара алатынына шынымен сенетін сияқты.

Ол сондай-ақ Куманға күмәнмен қарайды және "Барсаны" дағдарыстан алып шығу үшін үш нәрсе ойлап тапты: демеушілер тарту, қарызға қаражат алу және "Камп Ноуды" жедел қалпына келтіру.

Виктор Фонт (4431 қол): Хавиді бас бапкер еткісі келеді, жаңа табыс көздерін іздемек


Фонт 2010 жылдан бастап билікке ұмтылды. 2015 жылы ол өзінің бағдарламасын жасады, бірақ сайлауға қатыспау туралы шешім қабылдады. Өткен жылы 48 жастағы кәсіпкер Бартомеуге импичмент жариялау туралы бастама көтерді, сонымен бірге сайлаушылардың сайлауға келе алмайтындығынан қорқып, рәсімді наурызға ауыстыру туралы шешіммен келісті.

Фонттың негізгі уәдесі: Хавидің "Барселонаға" оралуы. "Мен сайлауда жеңіске жетсем, ол "Барселонаға" келеді", - деді үміткер желтоқсан айында каталондық La Sotana радиосына берген сұхбатында. "Егер ол бас тартса, мен әр клуб мүшесінің маусымдық жалақысын өз қалтамнан төлеймін".

Фонт сонымен қатар Мессиге өз әсерін тигізетініне сенімді. Оның пікірінше, мәселе тек клубты дамыту жобасында, Виктор оны аргентиналыққа ұсына алады. Егер ол жобаға Леоның ойнауын ғана емес, ойыннан кейінгі мансабын да түсірсе, онда Месси клубта қалады.

Фонттың экономикалық бастамалары: қарыздарды жабу, бүкіл әлем бойынша мектептерді дамыту, жаңа табыс көздерін табу, жанкүйерлерге қызмет көрсету арқылы пайдаға кенелу, стадионды жөндеу.

Тони Фрейша (2634 қол): Мессиді командада қалуға мәжбүрлемейді, жаңа демеуші тартумен айналысады


Барлық кандидаттардың ішіндегі ең радикалдысы. Ол Лапортаның (2003-2010) кезінде директорлар кеңесінің мүшесі болды, сонымен қатар сол кездегі жаңа президент Росельмен жанжалдасқан жоқ. 2015 жылы Фрейша да өзін ұсынды, бірақ жеңіліп қалды. Бұл жолы оның стратегиясы басқалардан өзгеше, ол Куманның орнына басқа адам іздегісі келмейді.

"Мен жаттықтырушыға тыныштық пен тұрақтылық беру - бұл клуб үшін жақсы қадам деп ойлаймын. Куман - "Барселонаның" сөзсіз беделді ойыншысы әрі бапкері. Ол осындай қиын уақытта ұсынысты қабылдау арқылы клубқа деген сезімін көрсетті", - деді ол Goal.com сайтына берген сұхбатында.

"Минималды популизм, қарапайым ақыл" - оның Испаниядағы бағдарламасы осылай сипатталады. Менеджер Неймардың қайтып келуіне үзілді-кесілді қарсы және Мессидің жаңа келісім-шарты туралы мәселеге байсалды көзқараспен қарайды. Оның айтуынша, ол аргентиналыққа ұсыныс жасап көреді, бірақ оны клубта алып қалуға уәде бермейді.

Экономикалық жоспары: стадионды қайта құру, жаңа демеушілер тарту және жалақы қорын, қаражатты ұтымды пайдалану.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×