Вараздат Ароян: «Тамбов» маған төрт айлық жалақымды төлемеді. Клуб жақында жабылатын шығар»

07.03.2021, 03:04
«Астана» қорғаушысы «Тамбовтың» әрі қарай ойнауы үшін ФИФА-ға жазған арызын қайтарып алды.
Вараздат Ароян: «Тамбов» маған төрт айлық жалақымды төлемеді. Клуб жақында жабылатын шығар»

"Тамбовта" ойнаған "Астана" қорғаушысы Вараздат Ароян ресейлік клубтың қарыздары туралы айтты.

"Ия, "Тамбов" клубы маған әлі қарыздар. Олар төлейміз деді. Мен оларды алты ай, тіпті бір жыл күте аламын - ең бастысы, ақша төленсе болды. Мен ол жерде төрт ай болдым, осы уақыт ішінде маған ақша төленбеді.

"Тамбовқа" ешқандай инвестор ақша бөлмейді деп ойлаймын, өйткені клуб турнирлік кестенің соңында тұр, ал қарыздары өте көп. Олар бәрін төлейміз деп уәде берді, бірақ менің ойымша келесі жылы команда РПЛ-де өнер көрсетпейді. Егер команда кем дегенде турнирлік кестенің ортасында тұрса, онда ақша табудың нұсқалары болар еді, әйтпесе ешкім ФНЛ клубына қаржы бөлгісі келмейді.

Ойыншылардың бәрі кетті, енді жаңа команда құрылды, барлық ойыншылар жалға алынды - маусым аяқталады, олар өз командаларына оралады. "Тамбов" клубы ол кезде болмайтын шығар. Жалпы қарыз көлемі 300 миллион рубльді құрайды, онда ойнаған футболшылар алты ай бойы ақшаларын күтіп жүр.

Әрине, мен ФИФА-ға жүгіндім, өйткені ақша төленбеді, мен әрі қарай не болатынын білмедім. Содан кейін ол клуб маусымның екінші бөлігінде ойнау алуы үшін өз өтінішімді қайтарып алдым. Енді мен берілген уәдеге сенемін. Олар қарыздарды жабамыз деп уәде берді, көреміз", - деді Ароян Sputnik.kz сайтына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×