Эрлинг Холланд Бундеслиганың рекордын орнатты

22.11.2020, 16:40
Эрлинг кешегі матчта покер авторы атанды.
Эрлинг Холланд Бундеслиганың рекордын орнатты

Дортмундтық «Боруссия» футболшылары Германия чемпионатының сегізінші турында «Герта» командасын ойсырата жеңді. Берлиндегі ойын 5:2 есебімен аяқталды.

Эрлинг Холланд «Герта» қақпасына төрт гол соқты (47, 49, 63 және 80 минуттарда), тағы бір голды Рафаэль Геррейра (70) өз еншісіне жазды. «Герта» сапынан екі голды да Матеус Кунья соқты (33 және 79 минуттарда), шабуылшы екінші голды пенальтиден соқты.

Холланд Бундеслигада гол соғу бойынша рекорд орнатты. 20 жастағы норвегиялық шабуылшының еншісінде Германия чемпионатының 22 ойында соққан 23 голы бар. Бұл тарихтағы ең жақсы дебют: алдыңғы рекорд алғашқы 22 ойында ең көп гол соққан Уве Зеелерге тиесілі еді, ал Холланд оған қарағанда үш гол көп соқты.

Норвегиялық футболшы «Боруссияға» 2019 жылдың қаңтарында "РБ Зальцбургтен" қосылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×