Премьер-лиганың қазан айындағы үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

22.11.2020, 16:19
Бұл марапатты Шпилевский үшінші мәрте, ал Пауло екінші мәрте иеленіп отыр.
Премьер-лиганың қазан айындағы үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский қазан айындағы Қазақстан Премьер-лигасының үздік жаттықтырушысы болып танылды, деп хабарлайды ҚКФЛ ресми сайты.


«Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) дәстүрлі түрде Қазақстан чемпионатына қатысушы клубтардың тәлімгерлері арасында сауалнама жүргізіп, қазан айындағы ең жақсы бапкердің есімін анықтады. Қазақстан чемпионатына қатысатын командалардың барлық жаттықтырушылары алматылық «Қайраттың» тәлімгері Алексей Шпилевскийге дауыс берді. Өткен айда Шпилевскийдің басшылығымен «Қайрат» бес рет жеңіске жетіп, бір рет тең ойнады», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, беларусь маманы тамыз бен қыркүйек айларында да үздік деп танылды.


Қазан айының үздік ойыншысы Шымкенттік «Ордабасы» командасының бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло болды. Ол екінші рет айдың үздігі атанды - Пауло қыркүйекте де осы номинацияның иегері болған еді.

Ал қазан айының ең үздік голы ҚПЛ-дің 15-туры аясында «Жетісуға» қарсы ойында көзге түскен қызылордалық «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Элвин Фортестің соққысы деп танылды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×