Эрлинг Холланд Чемпиондар лигасының тарихына енді

25.11.2020, 16:23
Бұл жетістікке әлемнің үздік футболшыларының өзі бұлай жылдам жетпеген екен.
Эрлинг Холланд Чемпиондар лигасының тарихына енді

"Боруссия Дортмундтың" 20 жасар норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холланд Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 4-турында "Брюггемен" (4:0) болған матчта дубль жасады.

Осылайша ол Чемпиондар лигасының 12 матчында 16 гол соқты. Норвегиялық бұл турнирдің тарихында 15 голды ең жылдам соққан алғашқы футболшы атанды. Голландиялық Руд ван Нистелройға (ПСВ, "Манчестер Юнайтед") бұл жетістікке жету үшін 19 матч қажет болса, Роберто Сольдадо ("Валенсия") мен Харри Кейнге ("Тоттенхэм") 20 ойын қажет болды.

Криштиану Роналду 15 голды 51 ойында, Лионель Месси 29 ойында, ал Роберт Левандовски 25 ойында соқты.

Эрлинг Холланд "Боруссияға" "Зальцбургтен" 2019 жылдың желтоқсанында қосылды. Және жаңа клубтағы алғашқы ойынында ол хет-трик жасаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×