Жылдың үздік ойыншысы, бапкері мен клубы атағына үміткерлердің тізімі белгілі болды

25.11.2020, 03:34
Бұл номанацияға кімдердің ие болатыны айтпаса да белгілі. Бірақ мұны жанкүйерлер шешеді.
Жылдың үздік ойыншысы, бапкері мен клубы атағына үміткерлердің тізімі белгілі болды

Globe Soccer порталы 2020 жылдың ең жақсы футболшысы, жаттықтырушы және үздік клубы атағына дауыс беруді бастады.

Үздік ойыншылар тізіміне Криштиану Роналду ("Ювентус"), Лионель Месси ("Барселона"), Роберт Левандовски ("Бавария") бастаған бір топ футболшылар кірді.

Ал жылдың үздік клубы атағына үміткерлер - "Бавария" (Германия), "Ювентус" (Италия), "Ливерпуль" (Англия), "Пари Сен-Жермен" (Франция), "Реал Мадрид", "Севилья" (екеуі де - Испания).

Үздік жаттықтырушылар тізіміне Джан Пьеро Гасперини ("Аталанта"), Ханс-Дитер Флик ("Бавария"), Хулен Лопетеги ("Севилья"), Юрген Клопп ("Ливерпуль"), Томас Тухель ("Пари Сен-Жермен") енді.

Айта кету керек, сайт сонымен қатар жанкүйерлердің пікірі бойынша соңғы 20 жылдағы (2001 жылдан 2020 жылға дейін) үздік ойыншыны, жаттықтырушыны және команданы таңдауға да мүмкіндік берді.

Мына сілтемеге кіру арқылы дауыс бере аласыздар!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×