Эрлинг Холланд жақын арада «Реал Мадридке» ауыспайды

19.05.2020, 22:35
Холланд Дортмундтық «Боруссияда» өнер көрсетуін жалғастыра бермек.
Эрлинг Холланд жақын арада «Реал Мадридке» ауыспайды

"Боруссия Дортмунд" клубының шабуылшысы Эрлинг Холланд «Реал Мадридке» 2022 жылдың жазына дейін бара алмайды.

AS басылымының хабарлауынша, неміс клубының басшылығы Холландтың келесі маусымда «Боруссияда» қалатындығы туралы ойыншының агенті Мино Райоламен келісіп қойған. Алайда, Дортмундтық клуб шабуылшыны ертерек сатуы мүмкін, бірақ 120 млн еуродан арзанға сатпайды.

Эрлинг Холланд Дортмундтық "Боруссияға" 2020 жылдың қаңтарында "Ред Булл Зальцбург" футбол клубынан ауысып келді. Трансфер құны 20 млн еуроны құрады. Бұл маусымда 19 жасар норвегиялық Бундеслиганың тоғыз матчына қатысып (негізгі құрамда алты матч), 10 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Футболшының неміс клубымен келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін есептелген. Алайда, ойыншының келісімшартында 2021 жылы қаңтарда ойыншыны 75 млн еуроға сатып алуға болатыны жайлы қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×