Роберто Карлос: «Неймар, Роналду мен Месси - Роналдомен теңесе алмайды»

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
19.05.2020, 22:19
Роберто Карлос: «Неймар, Роналду мен Месси - Роналдомен теңесе алмайды»

Бразилия ұлттық құрамасының экс қорғаушысы Роберто Карлос әріптесе Роналдо жайлы пікірін айтты:

Роналдоның алғырлығы тіпті жаттығу жұмыстарында да көзге көрініп тұратын. Оның үздік екені күллі жұртқа мәлім. Ол секілді ойыншы аяқдоп әлемінде ешқашан болмаған. Тіпті онымен Неймар, Роналду, Месси де теңесе алмайды.

Меніңше біздің жылдардағы футболда гол соғу қазіргіге қарағанда қиынырақ болды. Шабуылшылардың өзі қорғанысқа көп көңіл бөлетін. Бұл физикалық тұрғыдан өте ауыр. Бірақ, мұның барлығы Роналдоның қолынан келетін.

Естеріңізге сала кетсек Роналдо екі мәрте жылдың үздік ойыншысы деп танылған болатын. Мансабында «Барселона», «Интер», «Милан», «Реал», «Коринтианс», «Крузейро» мен ПСВның құрамында доп тепкен болатын.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×