«Реал» Йовичке тағы бір мүмкіндік береді

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
19.05.2020, 17:05
«Реал» Йовичке тағы бір мүмкіндік береді

"Реал" өткен маусымда бағы жанбаған ойыншысы Лука Йовичке тағы бір мүмкіндік беретін болып шешті.

Королдік клуб "Боруссия Дортмундпен" Эрлинг Холандтың трансфері жөнінде келісе алмағасын, Йовичті сату туралы ойынан айнып қалды.

Қазір Йович алған күрделі жарақатынан айығу үстінде. Тренерлік штаб келесі маусымда шабуылшының өз бабына келетініне сенеді.

Еске салайық серб шабуылшысы ағымдағы маусымда 15 ойында 2 голдың авторы атанып тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×