Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен тағайындалды.
Ермұхамед Мәулен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. 2013-2016 жылдары «QAZSPORT» арнасының редакторы қыметін атқарған.
2014 жылы Бразилияда өткен Әлем чемпионатын қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет оқиға орнынан жүргізген комментатор.
2017-2018 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы «Хабар» агенттігінің спорт бөлімінің продюсері қызметін атқарды.
2020 жылы «QAZSPORT» телеарнасында арнайы жобалар редакторы қызметін атқарған.
Kff.kz
Біздің серіктес: FONBET