
Ермұхамед Мәулен танымал ютуб-арналарының бірінде қазақ футболы жайлы пікірін айтты.
Белгілі спорт журналисі Өзбекстан футболын мысалға келтіре отырып, біраз ой салған болатын.
«Өзбекстан U-17 құрамасы Азия чемпионы болғанын айта кетейін. Сауд Арабиясын жеңіп кетті. Ертең бұлар өседі, сөйтіп оларды қыруар ақшаға сатып алып, үлкен айлық төлейтің боласыңдар. Бұл жігіттер әлі «Астана» мен «Ордабасыда» ойнайды. Өзбекстан футболының қалай дамып жатқанын байқайсыздар ма? Біз мұны мойындауымыз керек. Қазақта «ауруын жасырған өледі» дейтін сөз бар. Қазір біз өз ауруымызды жасырып отырмыз. Самат Смақов айтты, біз де айтуымыз керек, басқа да бапкерлер үнсіз қалмауы тиіс», - деді Е. Мәулен Fonteam YouTube-арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, ҚПЛ-дің 5-турының аясында «Ордабасы» - «Жетісу» матчынан кейін (1:0) Самат Смақов кездесуде қызмет еткен төрешілер жұмысын сынға алып, арты үлкен дауға ұласқан еді. Талдықорғандық клуб бас бапкері баспасөз-мәслихатында премьер-лига ғана емес, жалпы қазақ футболындағы «былықтарды» бетке басып, жанайқайын жеткізді.
Біздің серіктес: FONBET