Черногория құрамасының қорғаушысы Миодраг Джудович павлодарлық "Ертіспен" келісімге отырды. Енді келер маусымды 34-жасар футболшы Қазақстан Премьер-лигасында өткізеді. Футболшының бойы 197 сантиметрді құрайды. Шамасы қорғаныста әуелеген доптарға мықты таласатын секілді. Спорттық ғұмырында Сербияның, Украинаның және Ресейдің футбол клубтарында ойнаған.
Онсыз да осы күні бапкерсіз қиын жағдайды бастан өткеріп тұрған "Ертіс" неге жасы біразға келген футболымен келісім-шарт жасасты деген күмән туындайды.Біздің серіктес: FONBET