
Павлодарлық «Ертіс» клубы Арман Кеңесовпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады.
24 жастағы жартылай қорғаушы маусымның соңына дейін өзінің түлегі саналатын клубтың намысын қорғайды. Арман «Ертіc» футбол орталығының тәрбиеленушісі. Ол Премьер-Лигадағы дебютін 2018 жылы 17 жасында қарағандылық «Шахтерге» қарсы матчта өткізген. Жастар құрамасында 58, ал негізгі командада 14 матч өткізген.
Кеңесов футбол жанкүйерлеріне «Ақтөбе» клубындағы ойынымен кеңінен танылды. Ол үш маусымында 81 матч өткізіп, 11 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Осы кезеңде Арман екі мәрте Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, бір рет вице-чемпион атанды.
Сонымен қатар, футболшы Ресейдің «СКА-Хабаровск», «Қайсар» және жуырда ғана «Астана» клубтарының құрамында өнер көрсетті. Қазақстан Премьер-Лигасында Арман Кенесовтың еншісінде 106 матч пен 14 гол бар.
Біздің серіктес: FONBET