Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қазақстандық жартылай қорғаушы Изат Құлжанов мансабын Сербия бірінші лигасында өнер көрсететін "Раднички" (Крагуевац) клубында жалғастыруы керек болатын.
19 жасар ойыншыны командаға бұрынырақ "Ертіс" клубында Құлжановпен біргі жұмыс істеген бапкер Александр Линта шақырды.
Павлодарлық клуб "Раднички" клубына өз талаптарын қойды, сондықтан екі жақ та ұзақ уақыт бойы ойыншының трансфері туралы келісе алмады. Нәтижесінде Құлжановқа Ресейдің үшінші лигасында ойнайтын «Ностадан» (Новотроицк) ұсыныс түсті.
Біздің серіктес: FONBET